«Офтальмохирургия» мекемесі

Біздің тарихымыз:

90-шы жылдары офтальмологиялық қызметтің қайта құрылуына байланысты бұрынғы Киров аудандық партия комитетінің қайта құрылған ғимаратында орналасқан Облыстық офтальмологиялық аурухана (қазіргі «ОФТАЛЬМОХИРУРГИЯ» мекемесі) құрылды. Бұл үш облысты (Семей, ШҚО және Павлодар) және РФ жақын орналасқан аймақтарын офтальмологиялық көмекпен қамтамасыз еткен жалғыз мамандандырылған аурухана болды.

Аурухана жеке офтальмологиялық қызмет ретінде 1990 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде жұмыс істей бастады.

Офтальмологиялық қызметтің негізін өз ісінің мамандары: Заманова Галина Владимировна, Петренко Юрий Александрович, Шубина Татьяна Владимировна, Гришкова Римма Евгеньевна, Искакова Муксина Мусабаевна, Кулабухова Любовь Ильинична, Каратыш Людмила Павловна, Лотош Любовь Липиановна, Возженников Анатолий Юрьевич, Шейнин Анисим Григорьевич сынды құрметті офтальмологтар қалаған.

Ашылған сәттен бастап клиникада профессор Тетерина Татьяна Прохоровна басқарған Семей мемлекеттік медицина институтының көз аурулары кафедрасы орналасқан  (кафедра қазіргі уақытта  қызметін жалғастыруда). Доцент Гиря Людмила Григорьевна, Козбагарова Светлана Алашқызы кафедра қызметкерлері болған.

Уақыт өте келе клиника дамыды: көз патологиясын диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары мен операциялардың жаңа түрлері енгізілді, қауіпсіз заманауи офтальмологиялық жабдықтар сатып алынды.

«Офтальмохирургия» мекемесі – қалыптасқан дәстүрі бар және әлеуеті жоғары кадрлардың                                                                             клиникасы.

Мекеме базасында офтальмологтардың бірнеше буыны өсті. Клиника кәсіби өсу мектебін өткен мамандардың тұтас тобын дайындаған және дайындауда, олар осы мекемеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да клиникаларында, таяу және алыс шетелдерде еңбек етуді жалғастыруда.

«Офтальмохирургия» мекемесі – көз аурулары бар емделушілерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын мамандандырылған сапалы офтальмологиялық көмек көрсететін жеке меншік емдеу мекемесі. 1990 жылы құрылған; медицина саласында жеке емдеу мекемесі ретінде 25 жылдан астам.

Пациенттерге көмек тарификатор бойынша ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) шеңберінде АМСК (алғашқы медициналық – санитарлық көмек) жолдамаларымен, сондай-ақ ақылы қызметтер тізбегіне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

Мекеменің барлық қызметкерлері сертификатталған, санаттары (категориялары) бар, әрдайым өз біліктіліктерін Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында арттырады.

Күрделі офтальмологиялық патологиясы бар пациенттерді ЖТМҚ (жоғары технологиялық медициналық қызметтер) шеңберінде Қазақстан Көз аурулары ҒЗИ және Алматы мен Астана қалаларының мамандандырылған емдеу орталықтарына квота арқылы жіберуге клиниканың құқығы бар ( ҚР ДСМ 28.12.2018жылдың №1112 бұйрығына сәйкес).
Біздің мекеме қазіргі заманға сай және қауіпсіз офтальмологиялық құралдармен жабдықталған, Пациенттерді емдеу үшін офтальмология саласындағы ең соңғы жетістіктерді қолданамыз.

Біз Сіздерге күн сайын сағат 08.00-16.00 көмек көрсетуге дайынбыз!