Емделушіге арналған жаднама

Құрметті емделуші!

Сізге күндізгі стационар жағдайында жасанды көз бұршақты (хрусталик) имплантациялау арқылы катарактаны алып тастау операциясы жасалады.

Сізге алдағы операцияға дайындалу керек:

  1. Диакарб таблеткалары – операция алдында кешке бір таблетка ішу керек

– таңертең операция күні бір таблетка ішу керек

Егер сіз үнемі қандай да бір дәрілерді қабылдасаңыз, оларды да қабылдауды  өткізіп алмаңыз! (таңертең жеңіл таңғы ас қабылдауға болады).

  1. . Левоксимед көз тамшылары- операцияға дейін бір күн бұрын екі көзге тамшыдан 6 рет, күні бойы тамызу керек.

3. Көз тамшысы Медексол  және Корнерегель операциядан кейін қолданатын тамшылар мен гель.

Операция күні сағат 08.00-ге ауру тарихын рәсімдеу үшін қабылдау бөлмесіне (1 қабат, 4каб) келу керек.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігініз, өзіңіздің тұрақты қабылдайтын дәрілеріңіз (гипертониядан, диабеттен, жүрек ауруынан, ингалятор) және бүкіл емдеу кезеңінде қолданатын ауысымды аяқ киіміңіз болуы шарт.

 

Операциядан кейінгі жадынама

 Құрметті емделуші!

 Сізге қарауытқан көз бұршағын (катарактаны) алып тастау бойынша операция жасалды. Оның орнына Сіздің көзіңізге жасанды көз бұршағы қондырылды. Операция жасалғаннан кейін Сіздің көзіңізге жасанды көз бұршағының бейімделуне әлі біраз уақыт керек болады. Операциядан кейінгі кезеңде Сіз жағымсыз сезімдердің азаюын және операция жасалған көзіңіздегі көру қабылетінің жақсаруын байқайсыз.

Сізге операциядан кейінгі кезеңдегі оңалту тәртібін ұсынамыз:

  1. Стационардан шыққаннан кейін Сіз операция жасалған көзіңізге суды тигізбей басыңызды жуып, жылы душқа түсуіңізге болады (операция жасалған көзіңізді жай жұмып немесе жабысқыш пластырмен салфетка жауып қойуға болады), ал душқа түскеннен кейін көз тамшыларын тамызу керек.
  2. Ауруханадан шыққаннан кейін де ұсынылған уақыт ағымында үйде Сізге белгіленген көз тамшыларын өз бетіңізше тамызуды жалғастыру қажет. Әртүрлі тамшыларды тамызудың арасы (интервал) 3-5 мин. құрайды.
  3. Ауруханадан шыққан үш күннің арасында өзіңіздің мекен-жайыңыз бойынша офтальмолог-дәрігерден кеңес алып, дәрігердің байқауында болу қажет. Сіздің дәрігеріңіз тексергеннен кейін тамшылар тамызу тәртібін өзгертіп немесе басқа тамшылар түріне ауыстырып беруі мүмкін. Егер кенеттен көзіңіз қызарып, қатты ауырса, бұлдырлап немесе көру қабілетіңіз күрт төмендеп кетсе, апта күндері мен тәулік уақытына қарамастан №6 кабинетке жүгінуіңіз шарт.
  4. Үйренген тағамыңызды іше беруіңізге болады, Емделу уақытында спирттік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынады!
  5. Ұйықтағанда арқаңызбен немесе операция жасалған көзге қарама-қарсы жағыңызға жатып ұйықтаңыз (бір ай көлемінде).
  6. Сізге егер оңтайлы болса, қараңғылау әйнектері бар көзілдірік киуіңізге болады
  7. Сізге теледидар көріп, кітап оқуға болады, тек көз тамшыларын жүйелі түрде тамызуды ұмытпаңыз.
  8. Физикалық еңбекке, алдын-ала дәрігермен кеңесіп, операциядан кейін 2-3 ай өткенде ғана кірісуге болады. Ауыр физикалық жүктемемен айналысуға қатаң тыйым салынады.
  9. Қатты еңкеймей, секірмей, жүгірмей, құламай емдік гимнастика жасауға болады
  10. Көз қарашығын кеңейтетеін тамшылардың Сізге қарсы көрсетілімі жоқ.

Есте сақтаңыз! Жасанды көз бұршағы көздің көру қабілетін белгілі аралықта ғана қамтиды: не алыстан көруге, не оқыған кезде; басқа аралыққа көзілдірікті пайдалану қажет.

Сізді  біздің ұсыныстарға түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз.

СІЗГЕ ТЕЗІРЕК САУЫҒУДЫ ТІЛЕЙМІЗ!