ОХМ пациенттерге арналған ережелер

ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ЖҮРІС-ТҰРЫС ережелері мен «Офтальмохирургия» МекемесінІҢ ІШКІ ТӘРТІБІ

  1. Жалпы ережелер:
  2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 193-IV.1.2 кодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» сай мекемелік-құқықтық құжат болып табылып, «Офтальмохирургия» Мекемесіндегі (ары қарай ОХМ) пациенттің мінез құлық ережелерін, сонымен қатар пациент (немесе оның тұлғасымен) пен ОХМ арасындағы құқықтық қарым –қатынастты және  басқа да сұрақтарды регламенттейді.
  3. Осы Ереже «ОФТАЛЬМОХИРУРГИЯ» мекемесіндегі науқастар және басқа келушілердің өзін өзі ұстау, медициналық көмекке сай науқастың медициналық қызметке толыққанды қанағаттануы үшін шарт жасау, медициналық сервис және  қызметтерден, медицинамен жанама байланысты, ОХМ келген азаматтардың сонымен қатар ОХМ қызметкерлерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  4. Осы Ереже персоналға және науқастарға, сонымен қатар ОХМ келген басқа тұлғаларға немесе оның құрылымдық бірліктеріне де міндетті, заңмен қарастырылған науқас құқығына сай, науқасқа қолайлы, уақытылы медициналық көмекті қажетті көлемде және сапада көрсету үшін құрылған.
  5.  Осы Ереже барлығыы таныс болу үшін Мекеменің кіреберісіндегі ақпараттық стендінде және ОХМ сайтында орналастырылады.

Осы Ережелерді сақтау міндетті болып табылады!

  • Пациент құқылы:
  • диагностика, емдеу және күтім кезінде лайықты қарауға, өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарауға;
  • медициналық көмектің кезекке сай болуына, тек медициналық критерилерге байланысты анықталуына, оған ешбір дискриминационды факторлардың әсері болмауына;
  • медициналық мекемеде аудио- және (немесе) бейнебақылау жазбасы жүргізілетіне ескерту алуға;
  • ОХМ медициналық технологиялардың деңгейі жеткенше қиналуды жеңілдетуге;
  • өз денсаулығы жайлы тәуелсіз көзқарас алуға және консилиум өтуіне;
  • өзінің құқығы және міндеті жайлы ақпаратты алуға, көрсетілетін ақпаратқа, ақылы қызметтер құны жайлы, олардың көрсетілу ретіне байланысты, көру және (немесе) есту қызметі бұзылған науқастарға жеткізілуіне;
  • медициналық қызметкерлердің аты-жөні және кәсіби статусы жайлы, сонымен қатар медициналық ұйымның ішкі тәртібі жайлы ақпарат алуға;
  • науқастың ауызша немесе жазбаша түрдегі келісімін беру. Науқастың жазбаша келісімі ОХМ бекітілген арнайы форма бойынша жүзеге асады;
  • өз денсаулығы жайлы толыққанды ақпарат алуға, мүмкін болатын қауіптер сонымен қатар ұсынылған және альтернативті емдеу әдістері жайлы, тағайындалған дәрілік заттар жайлы, емнен бас тартқандағы мүмкін болатын асқынулар, диагноз жайлы ақпарат, емдеу шараларың жоспары және болжамы жайлы науқасқа түсінікті формада жеткізілуіне, сонымен қатар оның үйге шығарылу себебі немесе басқа медициналық ұйымға жіберілу себебі жайлы ақпарат алуға;
  • денсаулық жағдайы жайлы ақпаратты айтып жеткізіп отыратын тұлғаны тағайындауға;  
  • жазбаша бекітіліп және медициналық құжаттар қатарына қосылған ақпарат алудан бас тартуға;
  • емдік – диагностикалық шаралар кезінде оқу процессіне қатысудан,  сонымен қатар үшінші қатарлы тұлғалардың болуынан бас тартуға;

Медициналық көмектен бас тарту кұқығы:

  1. Науқас немесе оның заңды тұлғасы медициналық көмектен бас тартуына құқылы;
  2. Науқас немесе оның заңды тұлғасы медициналық көмектен бас тартқан кезде оған түсінікті формада мүмкін болатын асқынулар айтып жеткізілуі керек;
  3. Медициналық көмектен бас тарту, мүмкін болатын асқынуын көрсетумен бірге медициналық құжатнамаға салынып,  науқас немесе оның заңды тұлғасымен және медициналық қызметкер қол қоюымен бекітіледі.
  4. Науқас немесе оның заңды тұлғасы «Медициналық көмектен бас тарту» қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжатнамаға соған сай жазба жүргізіліп, дәрігер және ОХМ 2 қызметкері қолымен бекітіледі.

  • Пациенттерге арналған ішкі тәртіп ережелері

ОХМ болғанда  пациенттер міндетті:

  1. Өз денсаулығын сақтайтын және күтетін шараларды қолдануға;
  2. ОХМ бөлімдеріндегі режимді, тыныштық, тазалық және тәртіпті сақтауға, мекеме заттарына ұқыпты қарауға;
  3. медицина қызметкерлерімен сөйлесуде құрмет пен байыптылық танытуға;
  4. дәрігерге диагноз қою және емдеу үшін барлық ақпараттарды айтуға;
  5. емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
  6. диганостика және емдеу барысында өз денсаулығының өзгерістері жайлы ақпаратты, сонымен қатар айналадағыларға қауіп туғызатын дерт пайда болған жағдайда немесе оған күдік болған жағдайды айтуға;
  7. басқа науқастардың құқығын бұзатын әрекеттерді жасамауға;
  8. өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға. Өрт көзін немесе басқа қауіп төндіретін жағдайларды байқағанда науқас дереу ОХМ персоналына айту керек;

Осы Ережелерде көрсетілген науқас міндеттері оның ата-анасы немесе қасындағы жетектеп жүрген тұлғаларға да міндетті болып табылады.

  • Пациенттерге және келушілерге тыйым салынады:
  • ОХМ немесе қызметтік ұйымға кез келген қару, улы, радиоактивті, химиялық немесе жарылғыш заттарды, спирттік ішімдіктер және келушідегі қолдануы қоршаған ортаға зиян келтіретін заттардың болуына;
  • өзімен ірі көлемдегі заттардың болуы (соның ішнде рюгзактар, заттық мөшектер, чемодандар, корзина, қоларба және т.б.);
  • Үй немесе жабайы жануларларды алып келуге;
  • ОХМ қызметтік бөлмелерінде рұқсатсыз болуға;
  • ОХМ аумағында немесе ішінде шылым шегуге;
  • ОХМ ішінде немесе аумағында құмар ойындар ойнауға;
  • ОХМ ішінде немесе аумағында әкімшілік рұқсатынсыз жарнама ілуге;
  • ОХМ әкімшілігі немесе басқа науқастар рұқсатынсыз фото- және бейнежазба жүргізуге;
  • ОХМ ішінде сауда агенттерінің қызметін атқару және ОХМ басқа да коммерциялық мақсаттармен ұйымда болу;
  • ОХМ жарнамалық буклеттер, брошюра, медициналық препараттар және медициналық құрылғылар, басқа медициналық емес заттар, сонымен қатар діни бағыттағы әдебиеттер және жалпы шараларға шақырулар (концерт, митингтер және т.б) таратуға;
  • ОХМ сырт киіммен, кір аяқ қиіммен болуға;
  • санитарлы көліктің кіруіне кедергі жасап, жолды жабуға;
  • ОХМ ішіне кіруге келесі тұлғаларға тыйым салынады:
  • алкогольды немесе наркотикалық мас күйде,
  • өзін өзі ұстауы агрессивті жағдайда,
  • сырт келбеті санитарлы –гигиеналық талаптарға сай келмеген жағдайда.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалар анықталған жағдайда «АҚ КОД» жарияланып, олар ОХМ мекемесінен күзетшілер немесе құқық қорғау органдарының көмегімен шығарылады;

  • Бұзықтық болып саналады:

1)персоналға дөрекі немесе қатал қарым – қатынас жасау;

2)дәрігергердің қабылдауына, процедураға келмеу немесе уақытынан кешігіп келу;

3)дәрігердің ұсынысын және талабын орындамау;

4)өздігінен бөгде дәрілік заттарды қабылдау;

5)емдеуші дәрігерге айтпай басқа мекемеде қосалқы емделу.Режимді және ОХМ ішкі тәртібін бұзғаны үшін науқас ауруханадан уақытынан бұрын шығарылып, сәйкес жазба ауру тарихына жазылады.