Пациенттi қолдау қызметі

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ құрылды.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін аңықтау кіреді.

Осыған байланысты, егер СІЗ:

– медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаныз;
– медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақша талап ету фактілері болған жағдайда;
– сондай-ақ СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз,

СІЗ ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

Обьективтік және ашықтық қағидаларын сақтау мақсатында СІЗДІҢ шағымыңызды Комиссия Сіздің қатысуыңызбен қарастыратын болады. Сіз шағымыңызда аты-жөніңізді және мекен-жайыңызды көрсетіп, медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдыруыңызға болады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің шағымыңызды мүмкіндігінше тез қарап, күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімде нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ем қабылдап жатқан пациенттер, сонымен қатар олардың туыстары шағымдануға құқылы.

Көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен қанағаттанушылық дәрежесін анықтау мақсатында біздің пациентерге және (немесе) олардың туыстарына ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ сауалнама жүргізеді.
Сауалнама ерікті негізде жүргізіледі. Сіздердің жауаптарыңыздың құпиялылығы сақталады.
Сауалнамада аты-жөніңізді немесе мекен-жайыңызды көрсету талап етілмейді.

Сіздің ой-пікіріңізді дәл көрсететін жауаптарды таңдап, сауалнама сұрақтарына жауап берсеңіз, біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруына өзіңіздің үлесіңізді қосасыз.

СІЗГЕ қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚІЗМЕТІ: №15 кабинет
Тел. 53-37-67