25 Ақп 2020
Ақпан 25, 2020

Коронавируснты инфекция

Хабарлама

Құрметті азамат!

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Сіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

  • Дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
  • Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • Қолды сабынмен жиі жуу;
  • Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  • Дене температурасы бар адамдарға қоғамдық орындарға бармау және медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы қажет (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).
  • 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және жеткіліксіз медициналық көмек туралы хабарлау.